Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне кіру неліктен ақылы?

0
1,351
Сурет: Lola Chatz

Мәжілісте мәдениет және спорт министрі “Тарихи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” заң жобасын таныстырды. Tengrinews.kz хабарлағандай, талқылау барысында депутаттар тарихи-мәдени нысандарға кіру неліктен ақылы болатыны жайлы сұрады.

Министр өз кезегінде музей мен кесенелерге кіруді ақылы ету туралы шешім қабылданбастан бұрын, халықаралық тәжірибенің зерттелгенін айтып өтті.

“Неліктен ақылы еткеніміз жайлы осыған дейін бірнеше рет талқыланған болатын. Шынымды айтайын, кіру тегін болған кезде Қожа Ахмет Яссауи мен Арыстан бап кесенелері мешітке айналып кетті. Кез келген адам кіріп, бес рет намазын оқып, демалып, тамақтанып кететін. Сондықтан біз онда кіруді ақылы еттік. Бұл кесенеге қанша адамның келіп-кетіп жатқанын бақылауға мүмкіндік береді”, – деді министр.

Мұхамедиұлының айтуынша, осы нормадан кейін музейлер мен қорықтар жеткілікті табыс таба алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз