Академик Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды

0
211
Өмірзақ Айтбайұлы. Photo: inform.kz

“Қазақ тілі” қоғамының президенті, академик, ғалым Өмірзақ Айтбайұлы қайтыс болды.

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Тіл білімі институтында ұзақ жыл еңбек еткен. Осы институттағы Терминологиялық орталықты басқарған.

2004 жылдан бастап халықаралық “Қазақ тілі” қоғамына жетекшілік етті.

Сарапшылар Өмірзақ Айтбайұлын тіл мәртебесінің көтерілуіне зор үлес қосқан ғалым, “Тіл туралы” заңның орындалуына қызу атсалысқан белсенді деп атаған.