Тәжікстан түрмесіндегі тәртіпсіздікте 27адам қаза тапты

0
87

Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд түрмесіндегі тәртіпсіздіктің салдарынан 27 адам қаза тапты. Көз жұмғандардың ішінде арнайы бөлім қызметкерлері мен 25-ке жуық тұтқын бар. 6 күзетші жарақаттанып ауруханаға жеткізілген.

Облыстың құқық қорғау органдары қызмет көрсетудің кеңейтілген режиміне ауысты. Худжандтың барлық кіре берістері қатаң бақылауда.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің мәліметіне сәйкес «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының құрамында болған лаңкес жазассын өтеуші күзетшілердің бірінен қаруын тартып алған. Артынша оған өзге жазаланушылар қосылып түрменің бір бөлігін басып кіреді. Түрме ішіндегі тәртіпсіздік Тәжікстан Ішкі істер басқармасының арнайы операциясымен тоқтатылды.

Аталған абақтыда ауыр қылмыс жасағандар мен өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар мен лаңкестік ұйымға мүше болғандар жазасын өтеуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз