Аңыз футболшы Марадона әуежайда тұтқындалды

0
149
Диего Марадона

Аргентиналық футбол аңызы Диего Марадонаны полиция қызметкерлері Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындады. Бұл туралы The Sun сайты хабарлады.

Бұл жағдайға Марадонаның бұрынғы сүйіктісі жазған арыз себеп болған. Росио Олива мен Марадона 6 жыл кездескен. Жұп былтыр желтоқсанда ажырасқан еді.  Енді Олива 58 жастағы экс-футболшыдан 5 миллион фунт стерлинг көлемінде “материалдық шығын” талап етіп отыр.  Марадона өз еліне Мексикадан келген болатын. Әуежайда құқық қорғаушылар оны тұтқындап, істі сот қарап жатқанын ресми ескертті.  Соттың алғашқы қаралымы 13 маусымға жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз