Ең жылдам интернет қай елде?

0
1,059
Көрнекі сурет: eurokeks.com

2018 жылы әлемде интернет тұтынушылардың саны 23 пайызға өскен. Британдық cable.com сайты осы жылғы интернет байланысы жөнінде рейтинг жариялады. Рейтингке сәйкес жылдамдығы ең жоғары интернет бойынша Сингапур көш бастап тұр.

кесте: shep.carto.com

Сингапурдан кейінгі үштік Скандинавия елдері – Швеция, Дания және Норвегия. Қалған ондықты Румыния, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Венгрия секілді кілең Еуропа мемлекеттері толықтырып тұр.  Бұл тізімде Қазақстан 95-ші орында тұр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 саты төмендеген.

кесте: shep.carto.com

Мәліметтер 12 айдың ішінде 200-ге жуық мемлекеттің қатысуымен анықталды. Зерттеушілер әр елде 5 гигабайт интернетпен киноны қанша уақытта жүктелетініне қарап рейтингті анықтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз