2018 жылы әлемде интернет тұтынушылардың саны 23 пайызға өскен. Британдық cable.com сайты осы жылғы интернет байланысы жөнінде рейтинг жариялады. Рейтингке сәйкес жылдамдығы ең жоғары интернет бойынша Сингапур көш бастап тұр.
![](http://kazaknews.kz/wp-content/uploads/2018/10/WhatsApp-Image-2018-10-24-at-15.59.32.jpeg)
Сингапурдан кейінгі үштік Скандинавия елдері – Швеция, Дания және Норвегия. Қалған ондықты Румыния, Бельгия, Нидерланды, Люксембург және Венгрия секілді кілең Еуропа мемлекеттері толықтырып тұр. Бұл тізімде Қазақстан 95-ші орында тұр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 саты төмендеген.
![](http://kazaknews.kz/wp-content/uploads/2018/10/WhatsApp-Image-2018-10-24-at-15.32.27.jpeg)
Мәліметтер 12 айдың ішінде 200-ге жуық мемлекеттің қатысуымен анықталды. Зерттеушілер әр елде 5 гигабайт интернетпен киноны қанша уақытта жүктелетініне қарап рейтингті анықтаған.