WhatsАpp мессенджері өзгереді

0
105

Жақында WhatsApp мессенджері жаңаратын болады. Wccftech басылымының хабарлауынша қосымшаның түсі өзгереді.

Бүгінде мессенджер қарапайым телефонда да қолжетімді бола бастады. Нәтижеде әлемде WhatsApp қолданушылары көбейе түсті. Қазір базада жарты миллион жаңа аккаунт бар. WhatsApp өкілдерінің сөзіне сүйенсек, мессенджер қара түске ауыстырылады. Мамандардың айтуынша, қара түс көзді ауыртпайды. Сонымен қатар, жаңа түстің көмегімен қалтафон қуатын үнемдуге болады екен. Көп ұзамай бұл өзгеріс iOS пен Android-та қолжетімді болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз