Samsung 2010 жылдан бері алғаш рет смартфондар нарығындағы көшбасшылығын жоғалтты. Қазір көш басында Apple тұр. Бұл туралы IDC Worldwide Quarterly Mobile Phone Tracker мәлімдеді. 

2010 жылы Samsung әлемдік сатылымның үштен бірін құрайтын Nokia-дан артта болған. Ал 2023 жылдың соңында Apple көшбасшы болды. Apple смартфондарының үлесі 2022 жылғы 18,8%-дан 2023 жылы 20,1%-ға дейін өсті. Samsung бір жыл ішінде үлесін 21,7%-дан 19,4%-ға дейін азайтып алды. Бір жылда Apple смартфондарының таралымы 3,7% өсіп, 234,6 млн дананы құрады, ал Samsung смартфондарының таралымы 13,6% азайып, 226,6 млн дананы құраған.

IDC Worldwide Tracker зерттеу жөніндегі директоры Набила Попалдың айтуынша, Apple-дің үздіксіз табысы мен тұрақтылығы негізінен нарықтың 20%-дан астамын құрайтын, агрессивті сауда-саттық ұсыныстары мен пайызсыз премиум құрылғыларға деген өсу үрдісіне байланысты.

Үздік бестікте қалған орындарды қытайлық смартфондар бермей келеді. Осылайша, Xiaomi — 12,5%, OPPO — 8,8%, Transsion — 8,1% құрады. Басқа смартфон брендтері жалпы әлемдік нарықтың 31%-ын құрады.

2023 жылы Xiaomi-ның жаһандық таралымы 145,9 млн болған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,7% аз. OPPO таралымы 9,9% азайып, 103,1 млн смартфонға дейін төмендеген. Ал Transsion-нің жаһандық таралымы, керісінше, бірден 30,8% өсіп, 94,9 млн смартфонға жетті. Басқа брендтер 361,8 млн дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1% аз.

Жалпы, ғаламдық смартфондар жеткізілімі 3,2% азайып, 2023 жылы 1,2 млрд дана болған.

Бұл статистиканы Statcounter GlobalStat деректері де растайды: ай сайынғы динамикасын ескере отырып, Apple 2023 жылдың қаңтарында 27,6% үлесін алып, бүкіл әлем бойынша ұялы байланыс жеткізушілері нарығын басқарды және былтырғы көшбасшылығын сақтап қалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз