Алаш үкіметінің 100 жылдығына орай мұқтаж жандарға көмек беріледі

0
97

«Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке 4 миллион теңге көмек беріледі. Бұл қаражат 24 қарашада өтетін «Жыламасын сәбилер» атты концерт билеттерін сату арқылы жиналмақ.

Ұшқын Жамалбек, Олжас Абай, Әсет Есжан сынды «Ugai production» әншілері және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсететін қайырымдылық кеш Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

«Алашорданың» 100 жылдығына орай жыл басынан бері 5 іс-шара жоспарланған. 5-ші наурызда Әлихан Бөкейханның туған күнінде Байтұрсынұлы мұражай үйінде Алаш арыстарының рухына арнап ас берілген болатын.

Сәуір айында Байтұрсынұлы саябағына 100 ағаш отырғызылды.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдау көрсетуімен жоспарланып отырған 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке көмек беру қайырымдылық шарасы да осы іс-шаралардың жалғасы.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз