Елбасының Ақтөбеге сапары

0
84

15 қазан Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапармен барды. Ресми сапар барысында Елбасы облыстағы бірнеше әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады.

Мемлекет басшысы «DaruZharygy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды. Жаңа клиниканың емханалық, диагностикалық және стационарлық бөлімшелерін, лазер орталығы мен ота жасау бөлімін аралап көрді, сондай-ақ көзге ота жасауға арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты.

Сонымен қоса, Президент «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды. Елбасы церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты.

Елбасы Ақтөбедегі мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған жаңа Мұз сарайына барды. Мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында салынған спорт кешенінің жұмысымен танысып, өңірлерде осындай спорт инфрақұрылымдарының ашылуы салауатты өмір салтын насихаттауға және елімізде теннистің даму деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев жас спортшылармен әңгімелесіп, теннис добына естелік қолтаңба қалдырды.

Президент «Ақтөбе» индустриялық аймағына барды. Мемлекет басшысына индустриялық аймақта іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін атқарылған жұмыстар туралы мәлімделді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз