Сириялық бүлікшілер мен ресей әскерилері Дума қаласының эвакуация жоспарын келісті. Бұл туралы жексенбі, 1 сәуірде, Сирияның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Келісімге сәйкес, жарақат алған азаматтар мен бүлікшілер басып алынған қаладан ешқандай кедергісіз шығып кете алады.
Сириядағы үкімет тараптас «Әл-Ватан» басылымы таратқан ақпарға сәйкес, жасалған келісім сондай-ақ бүлікшілерге қаруларын қалада қалдырып кетуді міндеттейді. Бүлікшілер әлі де өздерінің қарамағында қалып отырған Сирияның солтүстігіне қарай ойыса алады.
Шығыс Ғұта Асад әскерінің қарамағына өтеді
Осы себептес, егер ақпарат расталатын болса, 2013 жылдан бері қоршауда келе жатқан Шығыс Ғұта аумағы жақын күндері толықтай Сирия үкіметі әскерінің қарамағына өтуі мүмкін. Қала Дамаскке жақын орналасқандықтан, стратегиялық және символикалық мәнге ие.
Башар Асад әскері (Сирия үкіметі әскері – ред.) ақпан айынның ортасында ресей әуе күштерінің көмегімен Шығыс Ғұтаға басып кіре бастады. Операция салдарынан жергілкті тұрғындардың басым көбі жер құшты. Мәселен, 23 наурызда Ирбин қаласына шабуыл жасау барысында жарылған бомбалар салдарынан 37 бейбіт тұрғын қаза тапты. Құқық қорғаушылар бұл тұрғыда Ресейді айыптады, Мәскеу аталған айыптауларды жоққа шығарды.