Түрік университетінде шабуыл: төрт адам қаза тапты

0
134
дереккөзден

Түркияның батысындағы Османғазы университетінде орын алған қарулы шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Келіп түскен ақпарға сәйкес, университеттегі ғылыми қызметкердің бірі факультет деканының қабылдауында келген сәтте өз әріптестеріне оқ жаудырған. Қаза тапқандар арасында екі профессор, сондай-ақ хатшылық мүшелері бар.

Шабуылдаушы қазір ұсталған, жергілікті полиция оқиғаның жай-жапсарын тергеп-тексеруде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз