Қытай өзінің даму деңгейіне қарамастан, ешқашан басқа елдерге немесе қазіргі әлем тәртібіне қауіп төндірмейді. Бұл туралы сейсенбі Бейжіңде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Боаодағы жыл сайынғы Азия экономикалық форумының ашылу салтанатында мәлімдеді.
Қытай басшысының айтуынша, Қытай қандай даму ауқымына жетсе де, басқа елдерге қауіп төндірмейді, қазіргі қалыптасқан әлемдік тәртіпті бұзбайды, өз ықпалын орнатуға тырыспайды.
«Қытай бүкіл әлемде бейбітшілікті құрушы болды, қалыптасқан әлемдік тәртіпті қолдады және жаһандық дамуға салмақты үлес қосты»,
– деп мәлімдеді Си Цзиньпин.
Азия экономикалық форумы Қытайдың Хайнань аралындағы Боаода 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылы «Ашық және инновациялық Азия әлемнің гүлденуі үшін» деген бастаманы ұран еткен форум 8-11 сәуір аралығында өтеді. Форумның мақсаты – Азия елдері арасындағы үйлестіру мен ынтымақтастықты дамыту, әлемнің басқа өңірлерімен диалогты және экономикалық байланыстарды тереңдету, лауазымды тұлғалар, кәсіпкерлер, мамандар мен ғалымдар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша диалог орнату үшін алаң құру.