Еліміздің екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) депозит көлемі жылына 6,9 %-ға өсті, деп хабарлайды Ranking.kz сайты. ЕДБ депозиттері 2018 жылдың ақпан айының соңына қарай 8,1 трлн теңгені құрады. Бұл мөлшер қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,4 %-ға азайған.
Салыстырмалы түрде алсақ, корпаративтік депозит мөлшері осы жылдың екінші айында 6 %-ға төмендеп, 8 трлн 400 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты жеке тұлғаларға тиесілі салымдардың жалпы портфельдегі үлесі бір жыл ішінде 46,1 %-дан 49,3 %-ға дейін шықты.
Сондай-ақ, салымшыларды жеке қор ашуға ынталандыру үшін банктер салым мен төлем карталарын ашуға ниеттілерге арнайы сыйлық ұсынады.
Бұл ұсыныстың арқасында карта ұстаушылардың қарасы да көбейіп келеді. Төлем карталарын қолданатындар саны бір жылда 19,6 %-ға артты. Ал ақпан айының соңында қолданыстағы төлем карталарының саны 17,2 млн-ға жетті.
9 ЕДБ депозит ашушыларға бонус ретінде бос төлем картасын ұсынады. Сол деңгейдегі 7 банк дебет картасын ұсынуға дайын болса, 2 банк несие картасын береді. Бұған қоса бір банк өз салымшыларына екі түрлі картаны да беруге даяр.
Бауыржан Мұқан