Франция Өзбекстанда технологиялық жоба жасамақ

0
125
дереккөзден

Thales International компаниясы Өзбекстанмен спутник және спутниктік жабдықтарды жасау мен өндіруде ынтымақтастық орнатуға ниетті. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасы хабарлайды.

Француз компаниясы Өзбекстанмен бірлескен ғарыштық жүйелер, соның ішінде әртүрлі мақсаттарда жерсеріктерді іске қосу және басқару жобасын жасауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ жергілікті мамандарды даярлау үшін Өзбекстан аумағында технологиялық базаны ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Бұдан өзге Франция тарабы Өзбекстанды ғарыш технологияларын пайдалану арқылы жоғары жылдамдықтағы Ғаламтор жүйесіне қосу үшін бірлескен жобалар жасап шығаруға ұсыныс жасады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз