Мемлекеттің қарулы күштерінің қауқарын анықтайтын Global Firepower рейтингі жаңартылды. Рейтинг PowerIndex балын анықтайтын жекелеген 55 факторға негізделген.
Global Firepower сайты таратқан ақпарға сәйкес, Қазақстан аталған тізімде 50-ші орынды місе тұтты. Бельгия, Боливия, БАӘ, Хорватия мен Ливияны басып озған Қазақстанның Қарулы Күштері Өзбекстан, Швейцария, Ангола, Сирия мен Польша секілді елдерге жол берді.
Алғашқы үштіктің қатарына бірінші кезекте Ресей Федерациясының ҚК (Қарулы Күштер), екінші орынға АҚШ, үшінші орынға Қытай жайғасты.
2017 жылы Қазақстан Global Firepower рейтингінде 55-ші орынға шыққан еді.
Атап өтерлігі, Global Firepower рейтингінде елдің рейтинг қорытындысына бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен, ядролық қарудың болу-болмауы есепке алынбайды, дегенмен, ресми түрде ядролық қарулы держава деп мойындалған елдер қосымша бонус алады. Дегенмен, географиялық фактор, логистикалық ептілік пен табиғи ресурстардың болу-болмауы басты назарға алынады.
Рейтингтік есептеу барысында, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің әскери-теңіз флотының болмағаны кемшілік болып саналмайды. НАТО-ға мүші елдер кішігірім бонус алады, бұдан өзге елдің қаржылық тұрақтылығы да есепке алынады.