Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық және зымыран сынақтарынан бас тартып, жаңа стратегиялық бағытты ұстанып ел экономикасын нығайту жолдарына көшетінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Республика ядролық қару сынақтарынан бас тартатынын жариялағанымен, елге қауіп төнген уақытта қаруды қайта пайдаланатынын жоққа шығармайды.
Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяның бір бөлігіндегі ядролық палигон жабылды. Ким Чен ЫН мәлімдегендей ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандарды ұшыру 21 сәуірден бастап тоқтатылды.
Сондай-ақ, «Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт» ұйымы Солтүстік Кореяны ядролық және зымырандық сынақтарға тыйым салу туралы құжатқа қол қоюға шақырды.
БҰҰ 1996 жылы қабылданған сессиясында ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт, ядролық сынақтардың әмбебап бекітілген заңмен бас тартуын талап етеді. Аталған келісім әлі күшіне енген жоқ. Себебі 44 елдің ішінде құжатқа қол қоймаған 3 мемлекет, КХДР, Үндістан және Пәкістен Ислам Республикасы бар.