Бас мүфти АҚШ елшісімен кездесті

0
112

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды  қабылдады. Бұл туралы muftyat.kz хабарлайды.

Ресми кездесуде Бас мүфти мүфтияттың жұмысы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бастамасымен осы жылдың 2 наурызында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы сөз болды. 

Басқосуда Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаты мен дүниежүзі дін көсемдерін ортақ мақсатқа үндеудегі рөлі тілге тиек етілді.

Серікбай қажы Ораз: Бейбітшілік пен бірлікті басты мақсат еткен біздің еліміз әлемдік қауымдастық алдында жер бетінде тыныштық пен ынтымақты орнатуға ұмтылған мемлекет ретінде танылды. Өйткені, біздің дініміз адамзат баласын бейбітшілікке үндейді. Халқымызда: «Бірлік бар жерде тірлік бар», – деген нақыл сөз бар. Бірлік орнаған қоғамда дін, ғылым өркендейді.

Өз кезегінде дипломат уақыт бөліп, ресми қабылдауға мүмкіндік жасаған Бас мүфтиге алғысын жеткізіп, сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Серікбай Сатыбалдыұлы мәртебелі мейманға қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз