Қырғызстанда депутат билікті басып алуға әрекеттенді деп күдіктенуде

0
68
ашық дереккөзден алынды

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Жоғарғы Кеңестің депутаты Қанатбек Исаевке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Депутат Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша күдікті деп танылды: «Қылмысқа дайындық» (27-бап), «Жаппай тәртіпсіздіктер» (233-бап), «Билікті күштеп жаулап алу немесе билікті күштеп ұстау» (295-бап).

«Исаев Президенттің лауазымына үміткер Ө.Бабановтың жақтасы бола отырып және ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен қоса  алдын-ала келіссөздер жасап, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға бағытталған белсенді іс-қимылдар жүргізіп отырғаны анықталды. Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік Комитетінің материалдарына сүйене отырып, олар Қырғыз Республикасының Президенттігіне үмтіктерлікте жеңіліс табар болса, билікті күшпен басып алу мақсатын көздейді», – деп мәлімделеді хабарда.

Қырғыз Респбуликасының Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, аталған тұлғалар өздері жоспарлаған акцияларға яғни дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деген сылтаумен жаппай тәртіпсіздік пен қарулы қақтығыстар жасау үшін ақшалай сыйақы беріп, өз қатарларына адамдарды тартады.

Барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті түрде тергеу мақсатында қылмыстық іс тергеу жүргізу үшін Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас Тергеу департаментіне жіберілді.

Атап өтсек, Қырғызстан Президентін сайлау 15 қазанда өтеді. Конституцияға сәйкес, Президент алты жыл мерзімге сайланады. Азамат бұл лауазымға  тек бір рет ғана ие бола алады. «Республика-Ата-Жұрт» партиясының көшбасшысы Өмірбек Бабанов ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қырғызстан Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынылды. Бұған дейін ол Қырғызстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланған. А. Атамбаев Мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін, Бабанов елдің премьер-министрі лауазымын атқарды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз