АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео ресми түрде қызметіне кірісті. Ант қабылдамай тұрып, екі сағат бұрын Помпеоның кандидатурасын АҚШ Конгрессі Сенаты мақұлдады.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес, жаңа мемлекеттік хатшының кандидатурасын қолдап 57 дауыс берілсе, қарсы шыққандары – 41. Пампео АҚШ-тың 70-ші мемлекеттті хатшысы. Бұған дейін аталған лауазымды Рекс Тиллерсон атқарды, осы жылы АҚШ президенті Д. Трамп Тиллерсонды отставкаға жіберді.
Photos of Mike Pompeo's swearing in ceremony, courtesy of the State Department: pic.twitter.com/U7pr1UgxqN
— Robbie Gramer (@RobbieGramer) April 26, 2018
Пампеоның жаңа лауазымдағы алғашқы сапары – жұма күні Брюсселде өтетін НАТО саммиті. Аталған сапардан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясына, Иордания мен Израильге жол тартады.
Senate votes 57-42 to confirm nomination of Mike Pompeo to be Secretary of State. pic.twitter.com/GzuxMy5VOV
— Mark Knoller (@markknoller) April 26, 2018