РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей мен Моңғолия арасындағы электр қуаты саласындағы өзара ынтымақтастық жобасын мақұлдады. Аталған нұсқау 27 сәуірде Ресей министрлер кабинетінің сайтында жарияланды.
Түсіндірме мәлімдемесінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі әзірлеген келісімнің мақсаты Ресей мен Моңғолияның біртұтас энергетикалық жүйесінің параллель жұмысын қамтамасыз ету, Монғолиядағы электр қуатына деген сұранысты қанағаттандыру үшін қажетті құжаттарды жасау, өзгерту және кеңейту кезінде екі елдің экономикалық субъектілеріне көмек көрсету екендігі көрсетіледі.