Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге дайындық үстінде

0
49
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Корей түбегіндегі жағдайдың тұрақтанып, әлеует алғанына белсенділік білдірді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, сенбіде АҚШ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы өнімді әңгіме өрбіткенін хабарлады. Трамптың айтуынша, «оқиға жақсы дамуда, Солтүстік Кореямен кездесу орны айқындалуда». Бұдан өзге Трамп Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэның Америка мен Солтүстік Корея саммитіне дайындалып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін КХДР басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен келіссөз жүргізуге ұсыныс білдірген еді, АҚШ президенті Дональд Трамп аталған ұсынысты қабыл алды. Америка мен КХДР саммитінің өтетін жері әзірге белгісіз. Өз кезегінде Оңтүстік Корея баспасөзі қос мемлекет басшысының кездесу орнына қатысты түрлі болжамдар жариялады: Ұлан-Батыр (Моңғолия астанасы), Владивосток немесе Хабаровск (Ресей). Аталған болжамдары АҚШ мемлекеттік департаменті растамады.


27 сәуірде қос Корея басшылары сәтті келіссөз өткізді, келіссөз нәтижесінде Корей түбегінің бірігуі және бейбітшілік туралы келіссөзге қол жеткізілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз