Ораза кестесі жарияланды

0
134

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ораза айының кестесін жариялады.Кестенің толық нұсқасын сілтемеден өтіп қарауға болады.

2018 жылы мұсылман күнтізбесі бойынша қасиетті ораза 16 мамырда басталады. Ораза 30 күнге созылады. 15 маусымда Ораза айт басталады.


Рамазан – мұсылман күнтізбесінде тоғызыншы ай, жылдың ең маңызды әрі қасиетті айы саналады.

Ораза – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Ораза ұстаған уақытта күн батқаннан таң атқанға дейінгі уақыт аралығы шамамен 17-18 сағатты құрайды. Аталған уақыт аралығында ораза ұстаған мұсылман нәр татып алмауы қажет.


ҚМДБ сондай-ақ мұсылмандарға қасиетті айдағы бітір-садақа көлемін де анықтады, бітір-садақа өткен жылғыдай 300 теңгені құрайды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз