Париж кәсіподақтары Макронның реформаларына қарсы

0
91

Парижде «Қара блок» деп аталатын бұзақы топтың 1200-ге жуық өкілі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, француз кәсіподақтарының шеруіне жол ашты. Бүлікшілер бастап, оған елдің кәсіподақ мүшелері қосылған тәртіпсіздік кезінде 200 адам қамауға алынды.

Француз кәсіподақтарының Франция президенті Эммануэль Макронның экономикалық реформаларына қарсы 1 мамырда өткен наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

1200-ге жуық жүздерін тұмшалаған «Қара блок» ұйымының бүлікшілері полиция қызметкерлеріне тас атқылап басқа да жеңіл қару түрлерін қолданған.

Жергілікті Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, бүлікшілер мейрамханалар мен дүкендерді қиратып, бірнеше автокөлік сататын дүкендерді өртеп жіберген. Полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында 200- ден астам адамды қамауға алды.

Бұл «Қара блок» атымен танылған бүлікші топтың алғаш рет жаппай тәртіпсіздік орнатуы емес. Франция билігі бүлікшілерге қосылған кәсіподақ мүшелерінің ұстанымдарын өзгертуге шақыруда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз