Өзбекстан мен Түркия діни туризмді дамытуды көздейді

0
511
дереккөзден

Өзбекстан мен Түркия діни туризмді дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өзбекстанның туризмді дамыту бойынша Мемлекеттік комитеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, меморандумға Өзбекстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Өзбекстанның министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитетінің және Түркияның Дін істері басқармасының өкілдері қол қойды.

«Меморандум қажылық жасау мақсатында туристік сапарларды кеңейту, туризм индустриясында діни және білім беру іс-шаралар ауқымын кеңейту және әлемдік қауымдастыққа исламның шынайы мәнін жеткізуге, оның бай мұраларын сақтауға және зерттеуге арналған халықаралық шараларды ұйымдастыруға бағытталған ауқымды іс-шараларды көздейді», – деп жазады Өзбекстанның туризмді дамыту бойынша Мемлекеттік комитеті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ екі бағытта таныстыру мақсатында сапарлар жасау, туристік әлеует жөнінде ақпар ұсыну, аталған ақпарларды діни іс-шаралар кезінде тарату да көзделген.


29 сәуірден 1 мамырға дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанда мемлекеттік сапарда болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз