Оралу
Оқиға Экономикалық форум аясында бірқатар келісімге қол жеткізілді
Бүгін Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «Шелл» компаниялары арасында «Мектептер үшін күн энергиясы» атты пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Б.Бозымбаев, Астана қаласының әкімі И.Ш. Исемешев, Басқарма Төрағасы Ш.Шамшидинова және «Shell» концернінің Қазақстандағы вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар қол қойды.