Кубада орын алған аса ірі әуе апатында үш әйел адам тірі қалды. Бұл туралы CubaTV эфирінде Calixto Garcia емханасының басшысы Карлос Альберто Мартинес хабарлады.
Мартинес әйелдердің ұшақ апатында алған жарақат салдарынан өмірлеріне қауіп төніп тұрғандығын алға тартты, дегенмен, жағдайлары қалыпты.
Гавангадан Ольгинге бет алған Boeing-737 маркалы ұшағы Хосе Марти әуежайынан әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң апатқа ұшырады. Бортта экпиаж мүшелерін есепке алғанда 101 адам болған.