АҚШ пен Қытай ықтимал сауда қақтығысының басталуын тоқтатты. Әлемнің ауқымды екі ірі экономикалық әлемі көлемді сауда келісімдері кезінде бір-біріне баж салығын көтеруді тоқтатпақ ниетте.
Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Вашингтондағы келіссөздер барысында тараптар елдер арасындағы сауда теңгерімсіздігінің жойылуына бағытталған шараларды қабылдау туралы консенсусқа қол жеткізді.
Бейжің америкалық тауарлардың көлемін арттыруға , сондай-ақ АҚШ тауарлары үшін қытайлық нарықта қалыптасқан барьерлерді жойып, адал бәсекелестік жасауға келісті.
АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин жасаған мәлімдемеге сәйкес, АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс жақында қытай тарабымен сауда мәселелерін, атап айтқанда, ауыл шаруашылық саласындағы мәселелерді талқыламақ ниетте.
Еске салсақ, осы жылдың наурызында Қытай АҚШ-тан импортталатын 128 тауар түріне салықты ұлғайтты. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңдегі “әділетсіз сауда тәжірибесіне” қарсы шаралар кешенін көздейтін меморандумға қол қойды.