Оралу
Оқиға Цукерберг Еуропарламентте кешірім сұрады
Facebook компаниясының негізін салушы және жетекшісі Марк Цукерберг 22 мамыр Еуропарламентте фракция жетекшілерімен кездесу барысында желі қолданушыларының жеке ақпараттарының тарап кетуіне байланысты кешірім сұрады.
Цукерберг қосымшаны әзірлеушілердің тарапынан жеке деректердің пайдалануға қатысты қауіпті уақытында байқай алмағандығын атап өтті. «Бұл қате болды, мен сол үшін кешірім сұраймын», – деді Цукерберг. Facebook компаниясының жетекшісі бұған дейін Конгресте жасаған мәлімдемесін қайталап, кешірім сұрады.
Цукерберг Еуропа тұрғындарын «жаһандық қоғамдастықтың үлкен және ерекше бөлігі» деп атады. Сондай-ақ Цукерберг Facebook өзінің коммерциялық мақсаттары үшін 18 миллион еуропалық компанияларды қолданатын, дегенмен, олардың біреуі де компанияға бір тиын цент төлемейтінін алға тартты.
Еуропарламент фракция жетекшілері Цукербергкке өте қатаң сұрақтар қойды, дегенмен, ол dpa таратқан ақпарға сәйкес, жалтарып жауап қатқан. Осылайша, Цукербергк Facebook әлеуметтік желілер нарығын монополияды дегенді мойындамады. Цукербергтің пікірінше, әр күн сайын Facebook-тың жаңа бәсекелестері пайда болуда.
Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analytica компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің психологиялық портреттерін құруға мүмкіндік беретін Facebook желісіне арналған қосымшада жеке деректерді пайдаланған. Аталған қосымшаны өздеріне қатысты жеке ақпараттарды берген 270 мың адам жүктеп алған.
Кейіннен Cambridge Analytica қосымша арқылы алынған деректерді толығымен жойдық деп мәлімдеді, бірақ барлық деректер жойылмаған болып шықты. АҚШ-та өткен сайлау алдындағы науқан кезінде фирма мақсатты және психологиялық тұрғыдағы жарнама құру үшін елдегі электораттың жеке деректерін пайдаланған деген болжам бар.
Желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттары тарап кеткені мәлім болғаннан кейін қолданушылар #DeleteFacebook және #BoycottFacebook науқанын бастады. Бірқатар компаниялар әлеуметтік желіге жарнама беруді тоқтатты. 19 наурыздан бастап компанияның бір акциясының құны Нью-Йорктың қор биржасында 177 доллар 1 центтен 165 доллар 4 центке құлады.