Оралу
Оқиға КХДР ядролық қарусыз әлем құруға дайын
Солтүстік Корея ядролық қарусыз әлем құруда жаһанның бейбіт сүйгіш халықтарымен ынтымақтастық жасауға әзір. Бұл туралы КХДР ядролық қаруы Институының мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды РИА Новости. Сондай-ақ аталған мәлімдеме Пхунгери полигонын бөлшектеу салтанатты шарасында жарияланған.
«Ядролық сынақтардың жалғаспауы – бұл жаһандық қарусыздандыруға әкелетін маңызды үрдіс. Біз ядролық қарусыз, тыныш, жаңа, тәуелсіз , барша адамзаттың ой-мақсаты орындалатын әлем құруда жаһанның бейбіт сүйгіш халықтарымен күш біріктіруді жалғастырамыз», – деп жазылған мәлімдемеде.
Сафина Саид