Президент өкімімен кадрлық ауыс-түйіс болды

0
135
дереккөзден

ҚР президентінің өкімімен бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып Арман Дайырұлы Жұмабаеков тағайындалды. Данияр Валерьевич Вагапов Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылып, президент әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз