Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-министрлері кездесті

0
113

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы барысында Қырғызстан Респубикасының Премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызеті хабарлайды.

Қырғызстан Премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен кездесуде әлеуметтік-экономикалық, сауда, инвестициялық, шекара және кеден салаларында қазақстандық-қырғыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі мен өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу ашық және сындарлы, достық атмосферада өтті. Премьер-Министрлер осы жылдың наурыз айында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс кездесуі аясында және Қырғызстан Президенті С. Жээнбековтың өткен жылдың желтоқсан айындағы ресми сапары барысында Астанада екі ел Президенттері арасында жасалған келісімдердің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшыларының 2020 жылға дейін екіжақты сауда айналымын $1 млрд дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу қарқыны қаралды.

Сонымен қатар, талқылау барысында 2017 жылдың 2 желтоқсанында Астана қаласында қол қойылған екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасын іске асыру мәселелері және алдағы Қазақстанда өтетін ТМД ҮБК отырысына қатысу мәселелері талқыланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз