Иран уран байыту көлемін ұлғайтуға ниетті

0
96
дереккөзден

Иран уран байытудың көлемін қайтадан ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы Иранның атом энергиясы бойынша Ұйымы басшысының орынбасары Бехруз Камальванди мәлімдеді. Камальвандидің сөзінше, Иранның уран байыту көзіне байланысты хат 5 маусымда атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) жіберіледі. Иран сондай-ақ уран байытуға қажетті центрифуг өндірісін жандандыруға да ниетті екендерін жеткізді, деп жазады Deutche Welle басылымы.

Жақында Иранның жоғары лауазымды көшбасшысы, аятолла Али Хаменеи теледидардан мәлідеме жасау барысында Иран өзінің ядролық бағдарламасын шектемейді деді. Аятолланың сөзінше, Тегеран бір сәтте «санкциялар мен ядролық шектеулерге төзбейді». Хаменеи сондай-ақ, бірлескен іс-қимыл жоспары шегінде Тегеранның уран байыту көлемін арттыру мақсаты барын алға тартты.

АҚШ Иранмен атом келісімін тәрк етті

Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді. 9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді. BBC таратқан ақпарға сәйкес, Трамп АҚШ қаржы министрлігіне жақын арада Тегеранға қатысты санкцияларды қалпына келтіру туралы тапсырма міндеттеген. 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз