Путин контрсанкциялар туралы заңға қол қойды

0
54
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин контрсанкциялар туралы заңға қол қойды. Аталған шаралар Ресейге бейбіт мақсатта саясат жүргізбейтін АҚШ және т.б бірқатар елдерге қарсы бағытталған.

Енді Мәскеу Ресейге қарсы дұшпандық мақсатта қолданылатын түрлі елдерден әкелінетін өнімдерге тыйым сала алады, деп жазады Euronews.

Мемлекеттік Дума мақұлдаған заң жобасы бастапқыда өте қатаң шараларды есепке алған еді: атап айтқанда, бірқатар шетелден әкелінетін дәрі-дәрмектерге тыйым салу, атом саласында шет мемлекеттермен ынтымақтастықты доғару, ұшақтар құрылымы мен зымыран қозғалтқыштарын өндіру саласында, сондай-ақ Ресейден сирек кездесетін металдарды шет мемлекеттерге шығаруға тыйым салу.

Дегенмен, мұндай қатаң шаралар дәрігерлер, мемлекеттік корпорациялар мен ірі кәсіпорындар тарапынан сынға ұшырады. Кейіннен заң мәтініне Федерация Кеңесінде түзету енгізіліп, алғышарттар тиісінше жұмсартылды.

Қорытындысында, «Ресей Федерациясында өндірілмейтін тұрмысқа қажетті өнімдерге » контрсанкциялар қолданылмайды деп бекітілді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз