Жаһандық экономиканың 2018 жылғы өсу деңгейі 3,1% қалады. Бұл туралы Дүниежүзілік банктың 5 маусымда жарияланған есебінде хабарланады. 2019 жылы жаһандық экономика 3%-ға, 2020 жылы 2,9% -ға бәсеңдейді.
Құжатта дамыған елдердің экономикасы 2018 жылы 2,2% -ға өседі деп жазылған. Дегенмен, 2019 жылы дамыған елдердің экономикасы 2% -ға, ал 2020 жылы 1,7% -ға баяулайды деп хабарланады. Сондай-ақ дамушы және нарықпен қалыптасушы мемлекеттерде экономикалық өсім деңгейі 2018 жылы 4,5% құрайды, алдағы екі жылда 4,7% құрайды.
Ықтимал тәуекелдер турасында сарапшылар сауда дауын, қаржылық құбылмалылық пен геосаяси тегеурінді атайды.
Есепте Қазақстандағы экономикалық өсім белсенділігі 2017 жылы қалыпқа келгендігі, нәтижесі мұнай өндіру мен мұнайлы емес секторлардың қалыпқа келуінен байқалатындығы айтылады.