8 маусымда мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында Бейжің қаласында Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund бірлескен қазақ-қытай қорын құру туралы бірлескен Келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан тарабынан келісімге «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің» басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов ал қытайлық тараптан CITIC Eurasian Capital Limited Бас директоры Сунь Ян мен Қытай-Еуразия экономикалық қызметінің Президенті Линь Ган қол қойды.
А. Әріпхановтың сөзінше, құрылғалы жатқан қорға салынатын қаражат көлемі 500 млн АҚШ долларына дейін жетеді. Қордың негізгі инвестициясы экономикалық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанға бағытталады, атап айтқанда, инфрақұрылымның дамуы, табиғи ресурстарды қайта өңдеу, логистика, ақпараттық технологиялар, өнеркәсіпті өңдеу, агроөнеркәсіп кешені, дейді А. Әріпханов.
Келісім бойынша Қазақстан тарабы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) дамуын жүзеге асырады. 2017 жылдың 7 шілдесінде Астанада өткен ШЫҰ саммитінде инвестициялық қор құру бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол жеткізілген еді.
Сафина Саид