Facebook желісінде жеке ақпараттар мәлім болған

0
108
Bloomberg

Facebook әкімшілігінің қатесі салдарынан 14 миллион әлеуметтік желі қолданушыларының шектеулі ақпараттары айқын болған. Бұл туралы бейсенбіде компанияның ресми өкілдері хабарлады.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Facebook желісіндегі ақаулар 18 мамырдан 27 мамыр аралығында пайда болған. Ақау салдарынан тұтынушылардың жеке ақпараттары өздеріне айқын болмай, өзгертілген. Желі қолданушыларының тек бірқатар адамдар ғана көріп, біледі деген жеке хаттары мен жарияланымдары көпшілікке мәлім болған. Компания қызметкерлері аталған ақауды тек 22 мамырда байқаған, желі құрылымы тек 5 күн өткеннен кейін ғана қалпына келген. Facebook әкімшілігі желідегі ақауларға байланысты тұтынушыларға ақпар таратып, кешірім сұрады.

Facebook айналасындағы дау

Facebook компаниясының айналасында бұған дейін де дау өрбіген еді. Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analytica компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің психологиялық портреттерін құруға мүмкіндік беретін Facebook желісіне арналған қосымшада жеке деректерді пайдаланған. Аталған қосымшаны өздеріне қатысты жеке ақпараттарды берген 270 мың адам жүктеп алған.

Кейіннен Cambridge Analytica қосымша арқылы алынған деректерді толығымен жойдық деп мәлімдеді, бірақ барлық деректер жойылмаған болып шықты. АҚШ-та өткен сайлау алдындағы науқан кезінде фирма мақсатты және психологиялық тұрғыдағы жарнама құру үшін елдегі электораттың жеке деректерін пайдаланған деген болжам бар.

Желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттары тарап кеткені мәлім болғаннан кейін  қолданушылар #DeleteFacebook және #BoycottFacebook науқанын бастады. Бірқатар компаниялар әлеуметтік желіге жарнама беруді тоқтатты. 19 наурыздан бастап компанияның бір акциясының құны Нью-Йорктың қор биржасында 177 доллар 1 центтен 165 доллар 4 центке құлады.

11 сәуірде АҚШ Конгресінде, 22 мамыр Еуропарламенттегі фракция жетекшілері алдында Facebook басшысы Марк Цукерберг желі қолданушыларының жеке ақпараттарының тарап кетуіне байланысты кешірім сұрады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз