“Корей түбегінің ядросыз мәртебесі бейбіт жолмен қол жеткізілуі керек”

0
135
ҚР президенті телерадио кешені ұсынған бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстанның әрдайым жаһандық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш салып келе жатқандығын атап өтті.Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Ауғанстанның экономикалық тұрғыдан орнықты және қауіпсіз дамуын қолдайды. Осыған орай біз көп жылдан бері Кабулға қаржылай көмек беріп келеміз», – деген мемлекет басшысы Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесі қысқа мерзім ішінде аталған елде бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы тиімді тетік ретінде танылғанын алға тартты.

Қазақстан Корей түбегінің ядросыз мәртебесіне тек бейбіт жолмен қол жеткізуді жақтайды. Сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісім жасауды дәйекті түрде қолдап, өз үлесін қосып келеді. Біз Іс-қимылдардың бәрін қамтитын бірлескен жоспардың сақталуын және оның одан әрі мүлтіксіз орындалуын жақтаймыз,

– деді Н. Назарбаев.


Ақорда

Атап өтерлігі, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы 10 маусымда өтті. Отырыс қорытындысы бойынша 17 құжатқа, мемлекет басшылары алдында 5 құжатқа қол қойылды. Отырыста, сондай-ақ, ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшылары – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Үндістан премьер-министрі Н.Моди, Қырғыз Республикасының президенті С.Жээнбеков, Пәкістан президенті М.Хусейн, РФ президенті В. Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Э.Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Ш.Мирзиеев, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары – Ауғанстан Ислам Республикасының президенті М.Ғани, Беларусь Республикасының президенті А.Лукашенко, Иран Ислам Республикасының президенті Х.Рухани, Монғолия президенті Х.Баттулга және ШЫҰ тұрақты органдарының басшылары – ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимов, ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылымы атқару комитетінің директоры Е.Сысоев, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары А.Мохаммад сөз сөйледі.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз