СІМ Қарашевтың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

0
97
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі/ youtube

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы хатшысының тұтқындалуына қатысты СІМ пікір білдірді.

«Ұлттық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның ақпаратына байланысты, қазіргі уақытта Министрліктің лауазымды тұлғаларына қарсы тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлаған СІМ жүріп жатқан тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсететіндерін, қазіргі уақытта артық ақпардың жоқ екендігін алға тартты.

Бұған дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин ірі көлемдегі пара алуда ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтың тұтқындалғанын хабарлаған еді.

«Жауапты мемлекеттік қызметте болғанына қарамастан, ол ведомствоға бағынышты ұйым басшылары Сәкенов, Нүрекенов және Жұманасовтардың заңға қайшы әрекетін жасырған. Бұл үшін Қарашев жүйелі түрде аталғандардан 10 миллионнан жоғары заңсыз сыйақы алған. Өз кезегінде, Сәкенов, Нүрекенов және Жұманасов қылмыстық схеманы ұйымдастырып, кәсіпкерлерден министрлікке қызмет көрсету және оларды кедергісіз қабылдауға келісім беру үшін 20 миллион теңгеден астам пара алған»,

– дейді Н. Жахин. Жахиннің сөзінше, қылмыстық жауапкершілікке 6 фигурант тартылады. Сот үкіміне сәйкес, Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды, Сәкенов үй қамағына алынды, дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз