Оралу
Әлемде Араб шейхы Өзбекстанға $2 млрд инвестиция салуға ниетті
Өзбекстанның Андижан облысына Ajlan&Bros Group компаниясының басшысы Шейх Ажлан ибн Мұхаммед Әбдуләзиз келді.
Kun.uz таратқан ақпарға сәйкес, ресми қабылдау барысында Ajlan&Bros Group компаниясының басшысы және өкілдеріне Өзбекстанның Андижан облысының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Шейх Ажлан ибн Мұхаммед Әбдуләзиз сондай-ақ аймақтағы құрылыс нысандарымен танысып, Жалалқұдық ауданындағы мақта егістігін аралады.
Шейх Ажлан ибн Мұхаммед Әбдуләзиз өз сөзінде Өзбекстанға іскерлік мақсатпен келгендерін алға тартып, сапар барысында Самарқан, Бұхара, Андижан облыстарының әлеуетімен танысқандарын атап өтті. «Біз 70 гектар жерде мақта өсіріп, кластер құруды жоспарлап отырмыз» деген араб кәсіпкері «2 жыл көлемінде» Өзбекстанға «2 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті» екендерін жеткізді.
Сафина Саид