Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қандай мемлекет басшылары қатысады

0
84
дереккөзден

Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына түрлі елден мемлекет басшылары қатысады, өз кезегінде, Ресей президенті Владимир Путин аталған басшылармен жеке кездесулер өткізеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы  Д. Песков хабарлады.

13 маусымда Ресей президенті Әзірбайжан, Руанда, Боливия басшыларымен, сондай-ақ Ливанның премьер-министрі С. Харири және Армения премьер-министрі Н. Пашинянмен кездесті.

Бұдан өзге футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысуға Мәскеуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусия президенті Александр Лукашенко, Абхазия президенті Рауль Хаджимба, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Молдавия президенті Игорь Додон, Панама басшысы Хуан Карлос Варела, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибилов, сондай Парагвайдың сайланған президенті Марио Абдо Бенитес қатысады. Песковтың сөзінше, аталған басшылардың барлығы 14 маусымда ашық турнирлерге де қатысады.

Сондай-ақ футбол чемпионатының ашылу салтанатына Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд пен КХДР-дың жоғары халық жиналысы президумының төрағасы Ким Ён Нам да келеді.

Бір ай көлемінде өз құрамаларының матчын тамашалауға өзге де мемлекет басшылары келеді, дейді Песков.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы сондай-ақ, 14 маусымда Путин Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасымен және КХДР-дың жоғары халық жиналысы президумының төрағасымен кездесу өткізетінін хабарлады.

Футболдан әлем чемпионаты 14 маусымнан 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді. Ал ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 21.00-де Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз