Оралу
Әлемде АҚШ БҰҰ Адам құқығы бойынша Кеңесін тәрк етті
АҚШ-тың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Никки Хейли 19 маусымда Құрама Штаттардың БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесін тәрк ететіні туралы мәлімдеді. Қабылданған шешімнің басты себебі – «Израильге қатысты созылмалы бір тараптылық», – деп атап өтті Хейли.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Кеңес «ұзақ уақыт адам құқығын таптағандардың қорғанына айналды», – деп мәлімдеді. Deutche Welle таратқан ақпарға сәйкес, Хейли сөз барысында Кеңес өз бағытын реформалайтын болса, АҚШ оның құрамына «қайта енуге даяр екендерін» жеткізді. Өз кезегінде, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео ұйымды «адам құқығын нашар қорғайды», – деп айыптады.
2017 жылы АҚШ-тың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Кеңестің қызметіне өзгерістер енгізуге шақырды. Атап айтқанда, Кеңес Израильге баса мән бермеу керек дейді, Хейли.
“АҚШ кері қадам жасамауы қажет”
БҰҰ адам құқықтары бойынша Жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн АҚШ тарабының аталған ұстанымына байланысты «АҚШ жаһандағы адам құқықтарының қазіргі жағдайында кері қадам жасамай, керісінше, өз қызметін күшейтуі керек», – дейді.
Еуроодақ пен БҰҰ АҚШ-тың шешіміне өкініш білдірді
Еуроодақтың ішкі саясат және қорғаныс саясатының Жоғары өкілі Федерика Могерина АҚШ-тың аталған шешіміне алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш АҚШ-тың шешіміне өкініш білдіріп, “Адам құқығын қорғау бойынша БҰҰ құрылымы барлық әлемде маңызды рөл ойнайды”, – деп атап өтті.
Сафина Саид