Мәжілісте “Байқоңыр” кешенінің жайы талқыға салынады

0
73
дереккөзден

20 маусым ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында “2009 жылғы  17 қарашадағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы РФ “Байқоңыр” ғарыш кешенін жалға алу жағдайына Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” ҚР Заңы талқыға салынады.

Бұдан өзге отырыс барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заң жобасы, көлік мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы, ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сайлау мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚР Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қатысты ҚР Заңының жобасы талқыға салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз