20 маусым Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеу сынақтары басталды.
Бүгіннен бастап шілденің біріне дейін жалғасатын тестілеу сынағына республиканың 102 мың мектеп бітіруші түглегі қатысады. Ұлттық бiрыңғай тестiлеу республика бойынша 165 тест тапсыру пунктiнiң 1431 аудиториясында өткiзiлуде.
Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы күнінде 14 мың түлек бақ сынауда. Биыл ҰБТ-ға қатысуға жүз мыңнан астам түлек ниет білдірген. Тест сынағынан өтуші түлектердің 69 209-ы қазақ тілінде, 23 618-і орыс тілінде және Назарбаев, Спектрум, Нұрорда халықаралық мектептерінің 200-ден астам түлектері ағылшын тілінде тапсырады.
Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай биылғы жылы Ұлттық біріңғай тестілеу өзгеріссіз қалады. Яғни мектеп бітіруші түлектер ұлттық біріңғай тестілеуді өткен жылы өзгертілген форматта тапсыратын болады.
Айта кетейік, биылғы жылы ЖОО қосымша 20 мың грант бөлінді.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы Telegram мессенджерінде қол жетімді болады.