Н. Назарбаев Шымкент қаласының әкімін тағайындады

0
91
дереккөзден

Мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғ. Әбдірахымов 1975 жылы Шымкент облысының (Кеңес Одағы тұсында) Киров ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (1996) экономист-бухгалтер мамандығы бойынша; Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін (Неміс әкімшілік ғылымдары жоғары мектебі, Шпайер қаласы) «Болашақ» бағдарламасы бойынша (1999) мемлекеттік әкімшіліктік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары ҚР мемлекеттік басқару істері женіндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төраға орынбасары кейіннен аталған агенттіктің төрағасы лауазымын атқарды. 2008 жылдың қазанынан бері – ҚР Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектері қауымдастығының президенті (2001 -2008), ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөнінде кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. “Құрмет”, “Астананың 10 жылдығы” медальдарымен марапатталған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз