Түркістан облысының әкімі тағайындалды

0
79
дереккөзден

Мемлекет басшысының бұйрығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Өз кезегінде, мемлекет басшысының бұйрығымен Ж. Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж. Түймебаев 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнар ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.

Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Хаттамасы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

2006 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2007 жылы қаңтарда айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы қазанда – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылы наурызда Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз