СІМ Шымкент пен Түркістан облысының дамуына қолдау көрсетеді

0
446

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін бекіту туралы шешімі тарихи халықаралық маңызға ие. Бұл біздің еліміздегі БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын практикалық жүзеге асыруға, оның ішінде ірі қазақстандық елді мекендердің бірінің қала шаруашылығын тиімді басқару, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалалық экологиялық жоспарлауды жақсарту арқылы ықпал етеді.

Түркістан қаласындағы орталығымен Түркістан облысын қалыптастыру Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызды рөл атқарады, өйткені облыс кең аймақтың орталығында орналасқан. Мұнда маңызды теміржол магистралі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік жолы өтеді.


Оңтүстік Қазақстанның қалалары кіру туризмнің танымал орталықтары болып табылады. Бұл жерде мұсылман және түркі әлемі үшін ең көне архитектуралық ескерткіштері бар. ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра объектісі бола отырып, ежелгі Түркістанға қазіргі уақытта туристік инфрақұрылымды нығайтуға кең мүмкіндік ашылып отыр. Түркістанның тарихтағы және қазіргі замандағы маңызды рөлі жуырда 2-3 шілдеде Астанадағы Жібек жолы елдері қалаларының мэрлерінің қатысуымен өтетін «Global Silk Road» халықаралық форумы аясында талқыланатын болады.

Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның әлем елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктері аймақтар арасында халықаралық байланыстарды нығайтуда, технологиялар мен инвестициялар тартуда, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетуде еліміздің облыстары мен қалаларының әкімдіктеріне жан-жақты қолғабыс көрсетуді жалғастыратын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз