Еуроодақ көшбасшылары босқындар мәселесінде бір шешімге келе алмады

0
120
24 маусым Брюссельдегі кезектен тыс саммит

24 маусым Брюссельде миграция мәселесіне қатысты кезектен тыс саммит өтті. Аталған саммитке Еуроодақтың 28 елінен 16 өкіл қатысты. Дегенмен, босқындарға қатысты жалпы қорытындыға тараптар келе алмады.

Германия канцлері Ангела Меркель саммиттің қорытындысы бойынша барлық мүмкін тақырыптарда жалпы еуропалық шешім қабылдауға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде, Франция президенті Эммануель Макрон өткен пікірталасты жемісті деп бағалап, «өз құндылықтарына сәйкес келмейтін шешімдерді аталған саммит жоюға мүмкіндік берді», – деп атап өтті. Бұл тұрғыда Макрон  босқындарды Еуроодақтың ішкі шекараларына енгізбеу шешімінің жойылуын алға тартады.

Бәрі барлығы үшін жауапты – Меркель

Саммиттің бірқатар қатысушылары жиын тек Германияның миграциялық дауын шешу үшін ғана шақырылды деген пікірде. Коалиция партиясы бойынша Меркельдің әріптесі, ГФР ішкі істер министрі Хорст Зеехофер Еуроодақтың басқа елінде тіркелген Германиядан саяси баспана алуға ниетті құжатсыз босқындарды ел аумағына енгізбеуге ниетті. Зеехофердің пікірінше босқындарды бірінші болып қабылданған ЕО елдері (мысалы, Италия) босқындарды герман шекарасынан қайтадан өз елдерінің аумағына қабылдауы қажет.

Меркель мұндай шешім босқындарға Еуропада саяси баспана беру заңдылықтарына сондай-ақ неміс заңдарына қайшы деп есептейді, сонымен қатар Грекия және Италия сынды мемлекеттерге қатысты әділетсіз шешім деген пікірде. Саммит қорытындысы бойынша Меркель «Бәрі барлығы үшін жауапты», – деп түйіндеді. Меркель миграциялық дағдарысты жалпы еуропалық деңгейде шешу жалғасын табатынын атап өтті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз