Нигериядағы ұлысаралық кикілжіңнен 86 адам қаза тапты

0
93

Нигериядағы биром ұлыс өкілінің 86 шаруасы шабуыл салдарынан қаза тапты. Бұл туралы 25 маусымда AFP агенттігі хабарлады. Нигерия полициясы шабуылды көшпелі малшылар тайпасы фульбе жасауы ықтимал деген болжам келтірді.

Шабуылдан қаза тапқандар Нигерияның орталық аймақтарының бірі Барикини Ладиде табылған. Бұдан бірнеше күн бұрын жергілікті шаруалар мен көшпелі малшы тайпалары арасында кикілжің туындап, салдары зорлық-зомбылыққа ұласып, 6 адам қаза тапқан. Кейіннен ауылда өрт шығып, 50 үй жанып кеткен. Жергілікті полицияның сөзінше, көшпелі малшыларға бірінші кезекте зорлық көрсеткен – шаруалар.


Нигерияда түрлі ұлыстар мен тайпалар арасында жер және ресурстар үшін күрес 10 жыл көлемінде жалғасып келеді. Бұған дейін жүздеген адам мұндай кикілжіңдердің құрбаны болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз