Дональд Трамп Владимир Путинмен АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің мүмкін араласуын талқылайды. Бұл туралы Ақ үй басшысы Reuters агенттігіне 29 маусымда Нью-Джерсиге аттанып бара жатқан тұсында Air Force One президент лайнерінің бортында хабарлады.
16 шілде Хельсинкиде өтетін саммиттің басты тақырыптарының бірі сондай-ақ Сирия мен Украинадағы жағдай болмақ. «Мен онымен барлық тақырыпта сөйлесемін», – дейді Трамп.
Бұған дейін Путиннің көмекшісі Ю. Ушаков келіссөздер барысында Трамп пен Путин халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді сондай-ақ, Сирия дағдарысын талқылайтындарын алға тартты.
Хельсинки саммиті Ресей мен АҚШ-тың алғашқы кездесуі болмақ. Бұған дейін Путин мен Трамп тек халықаралық форумдар аясында ғана кездескен еді.